Атыраудағы Абай шығармашылық орталығында облыстық білім беру басқармасы әдістемелік орталығы мен білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы бірлесіп, облыстық бірінші спартакиада өткізді.
Жарыстың негізгі мақсаты – білім беру саласы қызметкерлерінің спортқа деген қызығушылығын арттыра отырып, денсаулығын нығайту, бұқаралық спортты дамыту. Спартакиадаға 10 команда қатысып, спорттың 6 түрінен, атап айтқанда волейбол, армрестлинг, шахмат, тоғызқұмалақ, үстел теннисі және садақ атудан сынға түсті.
Жарыс қорытындысымен ауданымыздың құрама командасы жеңіс тұғырынан көрінсе, ІІ орынды Қызылқоға, ІІІ орынды Индер аудандарының құрамасы иеленді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге дипломдар мен кубок, ақшалай сертификаттар табысталды.
Айнагүл Шакупова