Құрманғазылық оқушылар- Ұлттық мектеп лигасының чемпионы

(0 Votes)

2022 жылдың 22 қыркүйегі мен 26 желтоқсаны аралығында облыстық білім беру басқармасының аймақтық дене тәрбиесі және спортты дамыту орталығының ұйымдастыруымен өткен дәстүрлі ұлттық мектеп лигасы өз мәресіне жетті.

Оған 5-6, 7-8, 9-11 сыныптың ұлдар, қыздары қатысып, спорттың 12 түрінен өзара бақ сынасты. Лигаға біздің ауданнан 441 оқушы белсенділік танытты. Үш айға созылған спорттық лиганың жабылу салтанатына облыстық білім беру басқармасының басшысы Гүлнара Сәдуақасова қатысып, спортшы балғындарды құттықтады.

m

Жалпыкомандалық есепте Құрманғазы ауданының құрама командасы үздік нәтиже көрсетіп, жеңімпаз атанса, ІІ орынды Атырау қаласы, ІІІ орынды Индер ауданы еншіледі. Айта кетейік, аудан командасы осымен 5-ші жыл қатарынан чемпион атанып, жүлделі І орынды қанжығаларына байлап келеді. Енді олар сәуір-тамыз айларында өтетін республикалық Ұлттық мектеп лигасына жолдама алды. 

Айнагүл Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT