Спартакиаданың қорытындысымен құрманғазылық мемлекеттік қызметшілер жалпыкомандалық есепте жүлделі І орынды қанжығаларына байлап, аталған сайыстың 10 мәрте жеңімпазы атанды.
Қызылқоғалықтар ІІ орыннан көрінсе, Атырау облысының құрама командасы ІІІ орынды қанағат тұтты.
Жабылу салтанатында аудан әкімінің орынбасарлары Жандос Бектеміров, Өркен Тәжібаев мемлекеттік қызмет саласының ардагері Зинетолла Мұқлесов,аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Алмас Мұқашев, Қызылқоға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысы Жарас Есенғалиев жеңімпаздар мен жүлдегерлерге кубоктар мен медальдар табыстады.
Спартакиадада 9 командадан тұратын 250-ге жуық спортшы футбол, волейбол, тоғызқұмалақ, дойбы, стритбол, үстел теннисінен өзара сынға түсті.
А.Шакупова