Құрманғазыда спортшылар марапатталды

(0 Votes)

Аудандық С.Көшекбаев атындағы мәдениет үйінде Спортшылар күніне орай «Спортшылар – ел мақтанышы» атты мерекелік шара ұйымдастырылды. Шара талай дүбірлі додаларда шашасына шаң жұқтырмай, ауданымыздың абыройын асқақтатып, мерейін үстем етіп жүрген спортшыларымыздың жетістіктерін паш еткен бейнероликті тамашалаудан басталды.

Аудан әкімінің міндетін атқарушы Гүлнар Хасанова мерейлі мерекемен құттықтап: – Халыққа салауатты өмір салтын насихаттап, бұқаралық спортты дамыту жолында аянбай еңбек етіп, аудан спортының өркендеуіне зор үлес қосып жүрген сіздердің қоғамдағы орындарыңыз ерекше. Ауданымызда қазіргі таңда жаңа спорт нысандары салынып жатыр. Облыстық, республикалық, аудандық жарыстарда спортшыларымыз дайындық деңгейлері жоғары екенін әйгілеп, үкілеген үмітімізді ақтап, сенім биігінен көрініп келеді. Биыл да жақсы жетістіктерімен қуантуда. Сала бойынша 8 спортшымыз «Спорт шебері» статусын алды. 2022-2025 жылға арналған өңіріміздің даму жоспарында Жұмекен, Сафон, Нұржау,Көптоғай елді мекендерінде 4 ірі спорт нысандарының құрылысын салу енгізілген, - дей келе, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Қазақстан Республикасының үздік спорт қызметкері» төсбелгісін аудандық БЖСМ-нің оқу ісінің меңгерушісі Есенқабыл Рамазановқа табыстады.

Облыс әкімінің, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі облыстық департаментінің, облыстық спорт басқармасының Алғыс хаттарымен сала ардагерлері, спорттық жарыстарда жеңімпаз атанған мемлекеттік қызметкерлер, денешынықтыру пәнінің мұғалімдері, жас спортшылардан  Марат Ниғыметов, Төремұрат Сисенғалиев, Жаннұр Хамитова, Ерсейт Бралин, Құрманбай Медеуғалиев, Асқар Молдағалиев, Марат Жанханов, Айбар Хайржан, Данат Айтжанов, Нұрайым Бақытжанқызы, Ақжол Тәжібаев, Бекжан Бақытжанұлы ұлығыланды. «Хиуаз Доспанованың 100 жылдығы» төсбелгісімен Құрманғазы ауданының Құрметті азаматы, спорт ардагері Зинетулла Мұқылесов, Қымбат Шияпова, аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Зияда Жоламанова, аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Алмас Мұқашев ұлығыланды. Ардагер спортшылардың бір тобы Нұрша Хамитова, Қайырболат Жұмабаев, Қайырболат Тілеуғалиев, Базарбай Өтеулиев аудан әкімінің, Жұлдыз Құлесов, Айталы Сисенәлиев, Нұржан Қаби, Алмажи Өтегенов, Жандос Бектеміров, Қайыржан Бимырзаев, Әділбек Ізімов, Нұрболат Қазиев, Бекжан Қабиев, Алтай Ғилаев, Нұрболат Өтегенов, Мерей Құспанов, Дәурен Дүйсенғалиев, Еркін Дүйсемәлиев, Руслан Аманғалиев аудандық мәслихаттың Алғыс хаттарымен  марапатталды.

8296e8ca-5673-4f68-8ee5-dec4d7c3a27c

Келесі кезекте ардагер спортшылар атынан Марат Ниғыметов сөйлеп, көрсетіліп жатырған құрметке ризашылығын білдірді. Аудандық денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Алмас Мұқашев бөлімнің Алғыс хатын Серікбол Ғаббасов, Абилхас Абсатыров, Нұргүл Темірәлиева, Шолпан Бимырзаева, Нұргүл Шарапиева, Айдана Шамшиева, Индира Болатқызы, Маржангүл Ғалидоллина, Талуқанайбек Өтегенов, Жігер Ерболатұлы, Бекназ Досанова, Әсет Ниязов, Әлімғазы Өтеуішов, Сағындық Доспаев, Али Жамалиден, спорт жаңалықтарын бұқаралық ақпарат құралдарына насихаттағаны үшін аудандық «Серпер» газетінің бас редакторы Айнагүл Шакупова, Қазақстан-Атырау телеарнасының бейнеоператры Болат Ерғалиевке табыс етті. Волейболдан  өткізілген аудандық жарыстың жеңімпаздары Байда (ІІІ орын), Еңбекші(ІІ орын), Жаңаталап (І орын) ауылдық округтерінің командаларына да алғыс хаттар мен кубоктар ұсынылды.

Мерекелік шара барысында жас спортшылар өнер көрсетіп, ән мен биді төгілткен сазды бағдарлама тамашаланды.

Қанат ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521