Құрманғазыда мәдени жұмыстар ақсап қалған жоқ

(1 Vote)

«Заманына қарай адамы», дегендей төтенше жағдай енгізілуіне байланысты мәдени шаралар тек онлайн түрінде әлеуметтік желілер арқылы өткізілген.

Ал, мәдени қамту мәселесіне келсек, ондай шаралар тек жылдың бірінші тоқсанында ғана жүргізілген. Ақылы қызмет арқылы 1575,0 мың теңге қаржы түскен.

– Ауылдық мәдениет үйлері, клубтар және жекелеген өнерпаздар онлайн түрде концерттік бағдарламаларын ұсынып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Кітапханалар да атаулы күндерге, мерекелерге орай жоспарлы тақырыптық бейнебаяндарын шығарып отырды. С.Көшекбаев атындағы мәдениет үйінің алдындағы үлкен Led экран коронавирус инфекциясының алдын алу мақсатындағы жадынамалар, тақырыптық бейнероликтер жариялап, тұрғындар үшін үгіт-насихат жұмыстарына пайдаланылды. Құрманғазы балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде спорттың 9 түрінен 603 бала спорттық шеберліктерін шыңдауда. 2020 жылдың 5 айында ауданда әр түрлі жастағы тұрғындардың жүйелі түрде дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатындар саны 15283 адам немесе аудан тұрғындарының 26 пайызын құрап отыр. Аудан бойынша есепті кезеңде 5513 адамның қатысуымен 34 спорттық шара ұйымдастырылды, - дейді Құрманғазы ауданының әкімі Қайрат Талапұлы бізбен әңгімесінде.

Аудан спортшылары 2020 жылдың 5 айында облыстық, республикалық, халықаралық жарыстарға 39 рет қатысып, онда 297 спортшымыз аудан намысын абыроймен қорғап, жетістіктерге жетті.

Айбек Нәжімов

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521