Құрманғазыда бокстан республикалық турнир өтуде

(0 Votes)

Құрманғазы ауданында бокстан Жұмекен Нәжімеденов атындағы республикалық турнирдің ашылу салтанаты өтті.

Қазақстан Республикасы Гимні авторларының бірі, белгілі ақын, жерлесіміз Жұмекен Нәжімеденов рухына арналған бокстан турнирі осымен ауданымызда он бірінші рет өткізілгелі отыр.

zhastar-boks

Турнирдің ашылу салтанатында аудан әкімі Марат Мурзиев сөз сөйлеп, балғын спортшыларға сәттілік тіледі. – Сіздерді бүгінгі  Еліміздің Әнұраны  авторларының бірі, белгілі ақын, жерлесіміз Жұмекен Нәжімеденовтің рухына арналған бокстан жасөспірімдер арасында ашық Республикалық турнирдің  ашылу салтанатымен құттықтаймын. Бұл республикалық турнир ауданымызда осымен  он бірінші мәрте ұйымдастырылуда. Көршілес елден, облыс,аудандардан  келген шаршы алаңға түсетін балғын спортшыларға сәттілік тілеймін-,деді.

boks-boks

Сонымен қатар Құрманғазы ауданы бокс мектебінің іргетасын қалаушыларының бірі, спорт ардагері Болат Жылтықаев сөз алып, спортшыларға сәттілік тіледі.

zhastar-boks1

Айта кетелік, республикалық турнирде көршілес  Ресей, Өзбекстан елдерінен, Алматы,Маңғыстау,Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарынан, Атырау қаласы мен аудандардан 222 боксшы  бақ сынайды.

Жарысқа он екі төреші төрешілік етіп, қорытындысында жеңімпаздарға Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне үміткер атағы беріледі.
Турнир  төртінші қараша күні қорытындыланады.

Құрманғазы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT