Республикалық турнирден он үш медаль

(1 Vote)

Рудный қаласы жасөспірімдер арасында таеквондодан интернационалист жауынгер Жаңабек Құдабаевты еске алуға арналған республикалық турнир өтті. Оған Алматы, Ақтөбе, Атырау, Ақмола, Жамбыл, Қызылорда, Павлодар, Қостанай облыстарынан, Рудный қаласынан 200-ден астам жас спортшылар қатысып, бақ сынады.

Аталған жарыста ауданымыздың жас таеквондошылары жақсы көрсеткіштерге жетті. Атап айтар болсақ, 22,36,24,44 келі салмақ дәрежесінде Мүсілім Мажит, Диар Талап, Ботагөз Қалығұл, Айару Нұрланқызы  І орын иеленді. Екінші орынды бес бірдей спортшымыз Исабек Мұрат (26 кг), Асанәлі Гамлет (28 кг), Айқын Әуезов (38 кг), Гүлбақыт Сүгірәлиева (29 кг), Азиза Алмембет (36 кг), Нұрхан Шәріп (73 кг) алып отыр. Алижан Сырымжанұлы (32 кг), Нұрдәулет Елемесов (34 кг), Райана Елемесова (47 кг) ІІІ орынды еншіледі.

Осылайша құрманғазылықтардың қоржынына 13 медаль – 4 алтын, 6 күміс, 3 қола түсті. Бұл 200-ден аса таеквондошы қатысқан жарыста жақсы көрсеткіш. Жас спортшыларымыз ерлеп тұр. Оларды осы жарысқа  дайындаған Құрманғазы балалар жасөспірімдер спорт мектебінің таеквондо бөлімінің жаттықтырушысы Есбол Елеусіновтің еңбегі ақталды.

Айнагүл Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT