Республикалық чемпионатқа жолдама алды

(0 Votes)

Алматы облысының Талғар қаласында 2009-2010 жылы туған жасөспірімдер арасында бокстан Қазақстан Республикасының «Батыс» аймақтық чемпионаты өтті.

Онда еліміздің түрлі өңірлерінен келген жас былғары қолғап шеберлері бақтарын сынады. Ауданымыздың спортшылары да бұл чемпионаттан тыс қалмады. Сайыста екі боксшымыздың айы оңынан туды.

64 келілік салмақта рингке шыққан Мансур Амантай алдына жан шақ келтірмей І орынды иеленді. 61 келі салмақта Мирас Амантай қарсыласынан сәл кем түсіп, ІІ орыннан көрінді. Осылайша жасөспірім спортшыларымыз Қазақстан Республикасы чемпионатына жолдама ұтып алды. Екеуінің де жаттықтырушылары Тұрарбек Уахитов.

Ауданымыздың абыройын асқақтатып жүрген Мансур мен Мирасқа алға қарай да рингте найзағайдай жарқылдап, жеңіс тұғырынан көрініп, абыройларыңыз биіктей берсін деген ізгі тілегімізді білдіреміз. Жеңісті күндеріңіз көп болсын!

Қанат ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.

 

Әлеуметтік желілеріміз

  ZERO.kz Яндекс.Метрика