Республикалық ойындардың жүлдегері

(0 Votes)

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Маңғыстау облысы, Ақтау қаласында VII«Ақ бидай» Республикалық ауыл спорты ойындары өткен болатын.

Оған Қазақстанның 14 облысынан 2000-нан астам спортшы қатысты.  Өңір командалары спорттың 14 түрінен: теңге ілу, жамбы ату, аударыспақ, құсбегілік, волейбол, шағын футбол, қазақ күресі, тоғызқұмалақ, асық ату, гір спорты, қол күрес, үстел теннисі, жазғы президенттік көпсайыс және кикбоксингтен жүлдеге таласты.

Халық арасында бұқаралық спортты насихаттау және спортқа деген тұрғындардың қызығушылығын арттыруды мақсат еткен жарысқа Атырау облысы, Құрманғазы ауданынан 40-қа жуық спортшы 6 спорт ойын түрінен бақтарын сынады. Сайыс нәтижесінде, ат спорт түрі аударыспақтан облыс намысын қорғаған Сүйіндік ауылдық округінің тұрғыны Құсайнов Мейірбек Абайұлы жүлделі ІІ орынды жеңіп алып, Қазақстан Республикасының «Спорт шебері» атағына ие болды.

А.Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521