Республикаға – жолдама

(0 Votes)

“AUYL SPORT - 2024 “ Атырау өңірлік ауыл балалары арасындағы лига өткен болатын. Лигада спорттың 6 түрінен жасөспірімдер бақ сынап, мықтыларды анықтады.

Жарыс қорытындысымен Құрманғазы ауданының командасы жалпыкомандалық 1 орынды жеңіп алды. Атап айтсақ,  2009-2011 жылы туған ұлдар, қыздар командасы баскетболдан, ұлдар командасы волейболдан жүлделі І орынды иеленіп, желтоқсан айында өтетін республикалық жарысқа жолдама алды.

Баскетболдан «Үздік ойыншы» атағын Б.Бегалиев атындағы жалпы орта мектебінің оқушысы Арарат Ахмет алса, «Үздік қорғаушы», «Үздік шабуылшы» номинацияларын Н.Манаев атындағы жалпы орта мектебінің оқушылары Сымбат Базарбайқызы, Нұрлы Амантай иемденді. Ауданымыздың балғын боксшылары да жүлдемен оралды. Атап айтқанда, қатысқан 6 спортшының 3-еуі – І орын, 1-еуі – ІІ орын, 2-еуі ІІІ орынды жеңіп алды. Волейболдан жасөспірім қыздар командасы 2 орынды қанжығаларына байлады.  

Жасөспірімдерді жарысқа дайындаған команда жетекшілері Б.Бегәлиев атындағы жалпы орта мектебінің дене шынықтыру пәні мұғалімдері Мерей Құспанов, Оралбек Оразбеков,  Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебінің дене шынықтыру пәні мұғалімдері Әлімғазы Өтеуішов, Жарқын Ыбыраев, Н. Манаев атындағы жалпы орта мектебінің дене шынықтыру пәні мұғалімдері Төремұрат Сисенғалиев, Асылмұрат Төремұратов, Н.Мелләтов, Т.Уахитов, Е.Байдошев, Е.Дюсемалиев, А.Молдағалиевтің еңбектерін атап өткен жөн. Сонымен қатар, аталмыш лига аясында шахматтан өткен турнирде қыздар арасында аудан командасы жеңімпаз атанып, республикалық додаға жолдама алды. Жетекшісі – Қаби Нұржан.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT