Тараз каласында өткен 100-дік дойбы түрінен өткен Казақстан чемпионатына қатысқан апалы-сіңілі қос қызымыз жүлделі оралды.
Құрманғазы ауданы Б.Бегалиев атындағы жалпы орта мектебінің оқушысы Есенгул Амира Ернарқызы дойбыдан барлық қарсыласын жеңіп, еліміздің екі дүркін чемпионы атанып, әлем чемпионатына жолдама алды.
Ал сіңілісі Есенгул Айару жүлделі III орыннан көрінді. Амира осы жолы ересектермен ойнап, барлық қарсыласын ойсырата жеңді.
Бар үмітті ақтап, ауданымыздың, облысымыздың мерейін асқақтатты. Енді еліміздің атынан әлем чемпионатында барын сынайтын болады.
Чемпион қыздарды жарысқа дайындаған Бекжан Қабиев.