Ресейде Құрманғазы атындағы турнир ұйымдастырылды

(0 Votes)

Құрманғазы бабамыздың туғанына 200 жыл толуына орай өткен аптада Ресейдің Құрманғазы атындағы Астрахань облыстық өңірлік мәдениет орталығының ұйымдастырумен Астрахань облысы аудандарының, Қалмақ Республикасы, Қазақстан Республикасы Атырау облысы Құрманғазы ауданының командаларының қатысуымен кіші аяқ добынан турнир өтіп, жеңімпаздар анықталды.

Жарыста 8 команда екі топқа бөлініп сынға түсті. Турнир сенбі-жексенбі күндеріне орай келуінен бе, әлде, Володар ауданы футбол жанкүйерлерінің әлемдегі нөмірі бірінші спорт түріне деген ынталарынан ба, жанкүйер қауымының қарасы ерекше көп болды. Володарлық футбол жанкүйерлері өз ауданы командасымен қоса күй атасы – Құрманғазының (атақты күй дүлейі Құрманғазы Сағырбаев Володар ауданында жерленген) туған жерінен келген қазақстандық командаға жарыстың өн бойы қолдау көрсетті.

Өз тобында Құрманғазы ауданы командасы қарсыластарын қоғаша жапырып, үш ойыннан үш жеңіспен финалға өтті. Екінші топта барлық қарсылас командаларын тас-талқан етіп ұтып, Қалмақ Республикасының «Уралан» командасы бірінші орынмен финалға өткен-ді. Турнир мәресінде бас жүлдеге мүйіздері қарағайдай осы екі команда таласып, Володар футбол сүйер қауымына ойынның басынан аяғына дейін тартысқа толы әдемі футбол кешін сыйлады. Ақтық ойында ауданымыздың аяқдопшылары ураландықтардан ұтылып, турнирде ІІ орынға тағайындалған жүлдесі әдемі жасалған сыйлықты ұтып алып, мерейлері үстем түсті.

Алмас Мукашев,

аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі басшысының орынбасары.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT