«СПОРТ – БЕЙБІТШІЛІКТІҢ ЕЛШІСІ» осындай тақырыпта «ПМК» жастары арасында кіші футболдан турнир ұйымдастырылды. Тартысқа толы доп додасы Мұхтар Әуезов атындағы мектептің жасыл алаңында өтті.
Онда 1985 және 2000 жылы туылғандар бір-бірімен ойнап, кіл мықтыдан кім мықтыны анықтады. Нәтижесінде, достық жеңді деуге болады. Ойын барысында ерекше белсенділік танытып, үздік ойын өрнегін көрсеткендерге диплом, медаль және кубок табысталды.
Осы орайда, ұйымдастырушылар жарыстың өтуіне демеуші болып, қолдау көрсеткен «Құрманғазы-Жолдары» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен Алмас Мұқашев мырзаға шексіз алғыстарын жеткізді.