Орлылық жас спортшылардың жеңісі

(0 Votes)

Жақында Астана қаласында қазақша күрестен жасөспірімдер арасында республикалық турнир өткен болатын. Оған ауданымыздан бір топ жас спортшылар қатысып, бақтарын сынады.

Елорда төрінде, еліміздің әр өңірінен келген жас палуандардың арасында Орлы ауылдық округінен барған жасөспірімдердің мерейі үстем түсті. Салахадин жарысында  21 және 23 кг салмақта Мирас Ерболат пен Рахат Нысанбек алтынға қол жеткізді. Басқа да салмақ дәрежелерінде ІІІ орыннан көрінген орлылықтар Нұрберген Ерболатов (29 кг), Ерасыл Ернарұлы (32 кг), Мадияр Нұрбайұлы, Қанат Бекнұр (46 кг) қола медаль иеленді.

Осы күрестің «BALA-МUQAN»-2023» жарысында 21 келі салмақта Мирас Ерболат ауданымыздың абыройын асқақтатып, тағы бір алтынды олжалады. 23 және 35 келілік салмақтарда Рахат Нысанбек пен Ермұрат Бегасылдың бағы жанып, қола медалді мойынға тақты.

Қанат ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT