Құрманғазы ауданының 95 жылдығына орай, Орлы ауылдық округінде қазақ күресінен "Орлы Барысы-2023" жарысы Орлы ауылы Өнерпаз ауылдық мәдениет үйінде 1992 жылы туылған белсенді азаматтар мен Орлы ауылдық округ әкімі аппаратының ұйымдастыруымен 4 салмақ категориясы 65кг, 75кг, 85кг, +85кг бойынша өткізілді.
Жарыс ең бірінші Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен ашылып, кейін қатысушылар жасөспірімдерді әрқашан салауатты өмір салтына тәрбиелеп, жастарды спортқа, әсіресе қазақ күресіне көп жыл дайындап, шәкірттері аудандық, облыстық, республикалық деңгейде жүлдегер атанған мархом Дюсенов Ерболат ағайды үнсіздікпен еске алды.
Алғашқы сөз кезегі "Орлы Барысы-2023" байқауының ұйымдастырушылары 1992 жылы туылған азаматтар атынан Орлы ауылдық округ әкімінің кеңесшісі А.Кибатуллинге берілді, кейін қазақ күресі бойынша жаттықтырушы Ерболатұлы Айбек жарыстың ережесімен қатысушыларды таныстырды. Жарысқа 4 салмақ дәрежесі бойынша барлығы 35 палуан қатысты.
1 күнге созылған жарыс түсқайта мәресіне жетіп, жарыс нәтижесі бойынша 65кг салмақ дәрежесінде Орлы Барысы - Ерболатұлы Айбек І орын, Сисенгалиев Нұрдаулет - ІІ орын, Мухитов Арсен - ІІІ орын, 75кг салмақ дәрежесі бойынша Орлы Барысы - Дәнуов Есенбек І орын, Баймуратов Наурызбай - ІІ орын, Адиетов Асылбек - ІІІ орын, 85кг салмақта Орлы Барысы - Шакупов Бекзат - І орын, Хамитов Алтынбек - ІІ орын, Дүйсенов Асқарбек - ІІІ орын, +85 кг, яғни ауыр салмақта Орлы Барысы - Хайдаров Қаршыға І орын, Габдулмадитов Ернар - ІІ орын, Адиетов Асылбек- ІІІ орын иеленді.
Аталған жарысты аудан әкімі А.Жангалиев пен А.Кибатуллин қорытындылап, жеңімпаздарды арнайы жасатылған "ОРЛЫ БАРЫСЫ-2023" белбеуімен, дипломмен, медальмен және ақшалай сертификаттармен марапаттады.
Мархом Е.Дюсеновтың ұрпақтары атынан М.Дюсенов жеңімпаздарға қосымша диплом мен ақшалай сыйлықтар табыстады. Жарыс соңында ағымдағы желтоқсан айында Астана қаласында өткен Республикалық жасөспірімдер арасында өткен қазақ күресінен "Бала Мұқан", "Салаһадин" жекпе-жек академиясының ашық біріншілігінен жүлдемен оралған жас палуандар Ерболат Мирас-21кг 1орын, Нсанбек Рахат-23кг 3 орын, Ернарұлы Ерасыл-32кг 3 орын, Ерболат Нұрберген-29кг 3 орын, Қанат Бекнұр-46кг 3 лрын, Ермұрат Бекасыл-35 кг 3 орын, Нұрбайұлы Мадияр-46кг 3 орын, Ерболат Арнұр мен Жанахметұлы Мансур жеңіске деген жігері үшін алғыс хаттарымен марапатталды. Бүгінгі спорттық шараны өткізген барша ұйымдастырушыларға және жарыстың демеушілері 1992 жылы туылған азаматтар мен Аманжанұлы Ерланға ерекше алғысымызды білдіре отырып, қазақ күресі ауылымызда одан әрі дамып, спортшыларымыз жоғарғы деңгейдегі жарыс тұғырынан әрқашан көріне беруіне тілектестік білдіреміз.
Орлы ауылдық округ әкімінің аппараты