Ойлылардың ойынында

(0 Votes)

Аудандық орталықтандырылған кітапханада мектеп оқушылары арасында Еңбекші орта мектебінің негізін қалаған алғашқы директор, «Қазақ КССР білім беру ісінің үздігі» Теміржан Жүгінісов атындағы дәстүрлі шахмат турнирі өтті.

Оған аудан мектептерінен 20-дан астам балғын шахматшы қатысты. Ашылу салтанатында Теміржан атаның ұрпақтары атынан ұлы Қанат Жүгінісов шеберлік пен шыдамдылықты қажет ететін интеллектуалдық ойынның адам үшін пайдалы жақтарына тоқталып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Шахматшыларға ауданның белгілі спорт тәлімгерлері Есей Хусайнов, Қаби Нұржан төрелік етті. Ала тақта үстінде тартысты ойын болды. Нәтижесінде ұлдар арасында И.Адекенов (Ғ.Мүсірепов) үздік деп танылса, Н.Жиделбайұлы (Ломносов) ІІ орыннан, Ә.Зинетулла (Еңбекші) ІІІ орыннан көрінді. Н.Қабдолла (Абай) «Ең жас шахматшы» номинациясымен марапатталды. «Жеңіске деген жігері үшін» аталымдарын Н.Рамазан (Ақкөл), А.Қуанышбекұлы (Нұржау) иеленді.

shakhmat2

s

Қыздар арасында Г.Қайырғали (Абай) жеңімпаз болса, Дана Жасталапова (Ломоносов) ІІ орынды, А.Райымбекова (Нұржау) ІІІ орынды еншіледі. Д.Амангелді «Ең жас шахматшы», А.Коммунарова (Бегәлиев), А.Мударисова (Ш.Уәлиханов) «Жеңіске деген жігері үшін» коминацияларымен ұлығыланды.  Дәстүрлі шахмат турнирінің өтуіне аудандық спорт және дене шынықтыру бөлімі қолдау көрсетіп, жеңімпаздар мен жүлдегерлерге диплом, медальдар ұсынды.

shakhmat5

shakhmat7

s

Айнагүл Күнұзаққызы      

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT