«Ой мен ойын»

(1 Vote)

С.Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйінде «Ой мен ойын» шоу-бағдарламасы ұйымдастырылды. Оған түрлі салада еңбек етіп жатқан белсенді жас мамандар қатысты.

Бағдарламаны мәдениет үйінің қызметкерлері Е.Құлшаров пен Д.Ғатауова жүргізді. Сайыстың шартын түсіндірген олар қатысушыларды екі топқа бөлді. Ойынның басты мақсаты – ойнай отырып ойлауды талап етеді. Яғни, топ мүшелері әртістік шеберліктерін пайдаланып, шығармашылық пен білімін ұштастырып, жеңіске жетудің жолын іздестіреді.

Сайыс барысында олар күлкілі жағдайға тап болып, қиындықты да бастан өткізеді. «Көп сөйлеме», «Суреттер сөйлейді», «Бетпе-бет», «Сөзжұмбақ», «Өлең – сөздің патшасы» деп аталатын кезеңдерден құралған ойында «Достар» мен «Жүйріктер» топтары өзара сынға түсті. Қызықты да тартысты өткен ойын нәтижесінде «Достар» командасы жеңіс тұғырынан көрінді.

А.ШАКУПОВА.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT