Облыстық іріктеуден 11 медаль иеленді

(0 Votes)

Мемлекет басшысының бұқаралық спортты қолдауының бірі көрінісі ретінде ауданымызда бұл бағыттағы жұмыстар соны серпін алуда. Соның ішінде жастардың спортқа тартылуы жыл сайын артуда.

Олардың ішінен түрлі жарыстарда топ жарып, жүлделі орындардан көрініп, ауданымыздың мерейін асқақтатып жүргендері жетерлік. Жақында ғана дойбыдан өткен облыстық  іріктеу турнирінде құрманғазылықтар 11 медальді олжалады. 

Алдағы күндерде Ақтөбе қаласында өтетін Қазақстан чемпионатында құрманғазылық 6 дойбышымыз Атырау қаласының намысын қорғағалы отыр.

Атап айтсақ, Қазақстан чемпионатына баратын балалар – Амира Есенғұл, Айару Есенғұл, Жанерке Сағынжан, Жайдар Шалқар, Ерасыл Елеусін, Бекхан Сағынжан. Жаттықтырушылары Ернар Қаражанов. Үлкен сайыста спортшыларымызға қолдау білдірген Құрманғазы ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру  және  спорт бөлімінің бас маманы Алмас Мұқашевқа жатықтырушысы мен балғындары үлкен алғыс айтады.

А.Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT