Облыстан жүлделі қайтты

(0 Votes)

Атырау қаласында пара жеңіл атлетикадан ересектер және жастар арасында өткен облыстық біріншілікке мүмкіндігі шектеулі аудан спортшылары да қатысып, бірқатар жақсы нәтижелерге қол жеткізді.

Екі күнге созылған жарыстың қорытындысында мүгедектігі бар жандар арасындағы халықаралық жарыстарда олжа салып жүрген Мақаш ауылдық округінен Нәжімеден Төлегенов 100 және 200 метр спринтерлік қашықтыққа жүгіріп жеңімпаз атанды. Сондай-ақ, ядро итеруде екінші орынды еншіледі. Парижде өткен параолимпиадаға қатысушы теңіздік Гүлбақыт Қайыржанова найза, диск лақтыруда, ядро итеруде үздік шығып, үш дүркін чемпион атанды.

Ядро итеруден Жұмекен ауылдық округінен Ақтай Хайрлиев екінші, З.Серікқалиұлы атындағы мектеп-интернаттың  8 сынып оқушысы Ақтоты Мұптахиева үшінші орындар алып, мерейлерлі үстем болды.

 

Айбек МЕЙІРМАН

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT