Спорт күні қарсаңында Атырау облысы Құрманғазы ауданы Нұржау ауылында, Нұржау жалпы орта мектебінің 2006 жылғы түлектері (Нұржау ауылының 1989 жылы туған ауыл жастары) бақилық болған сыныптастарын еске алу мақсатында, кіші аяқ доптан ауылішілік турнир ұйымдастырды.
Турнирдің ашылу салтанатында сөз алған ауылдық округ әкімінің міндетін атқарушы Алхам Закарин турнирді ашып, одан әрі марқұм Өтеуішев Ерсін Өтеуішұлының, Қаршолов Асан Халитұлының және Шадатов Аманжан Сәрсенбайұлының жұбайы мен ата-аналары, адамгершілік қасиеттеріне тоқталып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Аталған спорттық шараға ауылдың спортқа бейім азаматтары бас қосқан 11 команда қатысып, өз мүмкіндіктерін ортаға салды. Тартысқа толы турнирдің қорытындысы бойынша, қарсыластарынан оқ бойы оза шапқан «2004 командасы» жарыс жеңімпазы атанса, ақтық сынға дейін ин. Жары ақтық сынға дейін шеберлікпен айқасқан «Ардагерлер» командасы ІІ орынға тұрақтады. Ал, «2009 командасы» командасы үздік үштікті түйіндеді. Жарыстың «Үздік ойыншысын» Нұрымов Нұрсұлтан иемденсе, Омаров Тілепбергенге «Үздік қақпашы» номинациясы табысталды.
Тұғыр биігінен көрінген командалар мен үздік ойыншыларға кубок, медаль, диплом және жүлдеге ілінбеген командаларға ынталандыру ретінде ұйымдастырушылар тарапынан арнайы сыйлықтар табыс етілді.
«Өлі жебемей, тірі байымайды» демекші, марқұмдар рухына құран бағыштап, ас таратылды. Аллаһ тағала өз мейіріміне марқұмдарды алсын әмин. Аталған жарысты ұйымдастырушы жігіттерге ризашылығымызды білдіреміз! Аллаһ та'ала ғұмырларыңызға берекет берсін!