Қеңес әскерлерінің Ауған елінен шығарылғанына 35 жыл толуына арналған волейболдан ауылішілік жарыс өтті.
Спорттық тартыс , татулық өзара құрметке толы спорттық шара қатысушыларына ерекше көңіл күй сыйлады.
Тартысты ойын нәтижесінде І-орынды "Нұржау жалпы орта мектебі" командасы жеңіп алса, "Ардагерлер" командасы ІІ-орыннан көрінді.
Ал, ІІІ-орынды "Ауыл жастары" командасы иеленді.
Үш номинация бойынша үздік спортшылар да марапатталды.
Үйлестіруші - Аманжанұлы Оралхан.
Қорғаушы -Рсқалиев Самат.
Үздік шабуылшы - Маркс Дархан.
Аталған жарысқа белсене қатысқан барлық командаларға алғыс білдіреміз!