Шымкент қаласында таеквондодан (WT) өткен Қазақстан республикасы чемпионатына жерлестеріміз де қатысқан болатын.
Барған еңбектері ақталып, балғын спортшыларымыз жақсы нәтижемен оралды. Қоржындарында 1 алтын, 3 күмiс, 1 қола медаль бар. Ауданымыздың болашағынан зор үміт күттіретін жас таеквондошысы Нұрайлым Бақытжанқызы 52 келi cалмақ дәрежесінде I орын алып, алтыннан алқа тағынды. Сонымен қатар спорттың осы түрінен жетicтiгiн еселеп, "Қазақстан республикасының таеквондодан спорт шебері" атанды. Нұрайлым алдағы уақытта әлем чемпионатына қатысады.
Зейнеден Табисов (48 кг), Бекжан Бақытжанұлы (63кг), Жанайбек Шамұратов (68 кг) II орын алса, Парасат Болат 45 келi cалмақ дәрежесінде III орын иеленді.
Сол сияқты Дастан Қадырғали, Рамазан Қайырғалиев, Ерасыл Нұрберген де жақсы өнер көрсеткенiн айта кеткеніміз жөн. Жас спортшылар мен оларды осы чемпионатқа дайындаған жаттықтырушылары Руслан Саматұлы мен Амантұр Нығметоллаұлына жеңicтi жолдарыңыз жалғаса берсін деген тiлектеміз.
Айнагүл Шакупова