Осындай тақырыппен Н.В.Гоголь атындағы жалпы орта мектепте көркемөнерпаздар байқауы өткізілді.
Мақсаты– дана халқымыз «Бұлақ көрсең, көзін аш» демекші, талантты оқушыларды анықтау және олардың өнерлерін ел ішінде насихаттау. Байқаудың шарттары бойынша патриоттық әндер, ұлттық билер, көркемсөз, сахналық қойылымдар, дәстүрлі әндер жанрларынан үміткерлер сынға түсті. Зал толы көрермендер балғындардың өнеріне, әртістік шеберлігіне тәнті болды. Тартысты өткен байқау нәтижесінде жүлделі орындарға ие болған қатысушыларға арнайы дипломдар мен естелік сыйлықтар табысталды.
Сонымен қатар, өнерімен ерекшеленіп көзге түскен бір топ талапкерлерге «Белсенді қатысушы», «Ең жас орындаушы», «Көрермен көзайымы», «Ең үздік орындаушы» номинациялары және ынталандыру сыйлықтары ұсынылды.
Ж.Матеуова, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары