Нұрайлым - Қазақстан чемпионы

(43 Votes)

Нұр-Сұлтан қаласында (10-11 жас) балалар арасында таэквондодан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. 

Соның нәтижесінде Абай мектебінің оқушысы Нұрайлым Бақытжанқызы (34 кг) Қазақстан чемпионы атанды. 

chempion-kazakhstana-nurajlym_jpg11

Бүгінде 11 жасар бүлдіршін таеквондодан сан белесті бағындырып үлгерген. Мәселен, спорт мектептері арасындағы ел чемпионатының күміс жүлдегері, республикалық турнирдің үш дүркін жеңімпазы. Атырау облысы бойынша  2021-Қазақстан чемпионатына іріктеуге қатысып, бірінші дәрежелі алтын медальды иемденді. Ол не бары екі жылдың ішінде 1  кубок, 3 алтын, 3 күміс және 2 қоланы қанжығалапты. Алдағы уақытта спорт шеберлігіне үмікерлікке өтпек. Жаттықтырушысы Руслан Аманғалиев Нұрайлым сынды өзі тәрбиелеген әр шәкіртпен мақтанатынын айтты. 

Жайдарлым Қайреден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521