Бақытжанқызы Нұрайлым - Атырау облысы бойынша 2021-Қазақстан чемпионатына іріктеуден бірінші дәрежелі алтын медальдің иегері атанды.
Айта кетейік, Құрманғазы ауданы Абай атындағы жалпы орта мектебінің 5-Б сынып оқушысы Бақытжанқызы Нұрайлым спорт түрі таэквондомен айналысады. Жаттықтырушысы - Руслан Амангалиев. Ол не бары екі жыл ішінде 1 кубок, 3 алтын, 3 күміс, 2 қола иегері. Жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионы.