Министрдің қолынан марапат алды

(0 Votes)

30 қаңтар күні Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері Комитетінде облыстық спорт басқармалары, ведомстволық бағыныстағы ұйымдар басшыларының қатысуымен өткен жиналыста 2019 жылдың қорытындысы бойынша спортшыларға, жаттықтырушыларға, дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандарға және дене шынықтыру-спорттық ұйымдарға «Үздік» аталымы бойынша атақтарды беру жөніндегі республикалық конкурстың нәтижесі жарияланып, жеңімпаздар анықталды.

Алматы облысының жоғары спорт шеберлігі мектебі – «Жылдың үздік спорт ұйымы», Жамбыл облысы, Талас ауданы, Ақкөл ауылы дене шынықтыру-спорт кешенінің спорт нұсқаушысы Руслан Досалиев – «Ауылдық жердегі үздік спорттан нұсқаушы-әдіскері», Атырау облысы, Құрманғазы ауданы дене шынықтыру және спорт бөлімі – «Аудандық үздік дене шынықтыру және спорт бөлімі», Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының «Балуан Шолақ атындағы ұлттық спорт түрлерінен облыстық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде» көкпардан жаттықтырушы-оқытушысы Ерғали Тоқабаев – «Жылдың үздік ауыл жаттықтырушысы», Шымкент қаласының №16 гимнастикадан олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары – Гайрат Усманов «Дене шынықтыру және спорт саласындағы үздік маман» аталымы бойынша ұлығыланды. Жеңімпаздарға Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова атаулы сертификаттар, естелік статуэткаларды табыс етті.

Қанат ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT