Мемлекеттік қызметшілер арасында облыстық спартакиада бастау алды

(0 Votes)

Аудандық спорт кешенінде мемлекеттік қызметшілер арасында ұйымдастырылған ХІ облыстық спартакиаданың ашылу салтанаты өтті.

Жүргізуші Қайрат Сайфуллин қатысушы спортшыларды қошеметпен ортаға шақырды. Шеруді алғашқы болып Атырау облыстық әкімдігінің мемлекеттік қызметшілері жүріп өтсе, ары қарай оны Атырау қаласы, Жылой, Қызылқоға, Индер, Мақат, Махамбет, Исатай, Құрманғазы аудандық әкімдіктерінің командалары жалғастырды.

img_6324

Еліміздің Әнұраны орындалғаннан кейін, алғашқы құттықтау сөз аудан әкімінің орынбасары Өркен Тәжібаевқа ұсынылды.

img_6333

– Өздеріңізге белгілі бұған дейін аталмыш облыстық спартакиада Атырау қаласында өтіп келді. Биыл тұңғыш рет оны өңірімізде кең көлемде өткізу жөнінде облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасына ұсыныс берген болатынбыз. Мұндағы мақсатымыз – аудан спортын көтеру, салауатты өмір салтын ұстанған мемлекеттік қызметшілердің өзара тәжірибе алмасуын қуаттау, спорттық шеберліктерін шыңдап онымен жүйелі түрде айналысуына тарту, достық, ауызбіршілік қатынасты орнату. Алдағы уақытта жалпы қоғамда мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыруға бағытталған осындай спартакиада дәстүрге сай өзге аудандарда да өткізілсе деген өзімнің ұсынысымды жеткізгім келеді. Біздің ұсынысымызды құп алып бүгін ортамыздан табылған барша әріптестеріме зор ризашылығымды білдіремін, - дей келе, облыстан келген қонақтар ҚР паралимпиада ойындарының суға жүзуден бірнеше дүркін жеңімпазы, 2 дүркін Азия чемпионы, Әлем кубогының иегері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Ержан Сәлімгереев, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ренат Ибрагимов, жоғары спорт шебері мектебінің директоры, бас төреші Рүстем Хисметовке аудан әкімінің алғыс хаты мен естелік сыйлықтарын табыстады.

img_6334

Мемлекеттік қызмет саласының ардагері Ғаділхан Қалиев, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ренат Ибрагимов өздерінің жауапкершілігі мол қызметіне қарамастан спортты жандарына серік еткен спартакиада қатысушыларына сәттілік тіледі.

img_6345

img_6347

Айта кетейік, Құрманғазы ауданының мемлекеттік қызметшілерінен құралған команда бұған дейін осы жарыстың 9 мәрте жеңімпазы. Аудандық спорт кешенінде ұйымдастырылған спартакиадада 9 командадан тұратын 250-ге жуық спортшы футбол, волейбол, тоғызқұмалақ, дойбы, стритбол, үстел теннисінен өзара сынға түседі.

img_6351

А.Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521