Медицина қызметкерлері арасында cпорттық сайыс өтті

(0 Votes)

Елімізде маусымның əр үшінші жексенбісі – медицина қызметкерлерінің күні. Осы атаулы күні адам жанының арашашысы, ақ халатты абзал жандарға арнайы құрмет көрсетіліп, еңбектері ерекше еленеді. Дегенмен денсаулығымыз сыр беріп, жанымыз қысылғанда көмек қолын созуға қашанда дайын тұратын дəрігерлерді əрдайым дəріптеуіміз керек.

Облыстың денсаулық сақтау басқармасының мұрындық болуымен ұйымдастырылған бұл шара, медицина қызметкерлері арасында дәстүрге айналған. Жыл сайын қатысушы командалардың саны артып келеді. Салауатты өмір салтын ұстанып, спортпен шұғылдану -  аурудың алдын алудың бірден бір жолы дейді қызметкерлер. Бұл жолғы спартакиада «Жайық» спорт кешенінде өтті. Оған қала мен аудандардан 32 команда жиналып, аралас волейбол және футзалдан өзара мықтыны анықтады. Нәтижесінде ауданымыздың ақ халатты абзал жандарынан құралған команда аралас волейболдан жүлделі ІІ орынды иеленіп, үздіктер қатарынан көрінді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер диплом және сыйлықтармен марапатталды.

– Жоғары дайындықтың арасында спорттың волейбол түрінен жақсы ойын көрсеттік. Әріптестерімізбен ойын ойнап, бір серігіп қалдық. Әттең, футболдан қарсылас командамызға есе жіберіп алдық, - дейді ауданымыздың тәжірибелі рентгенолог дәрігері Бейбіт Ерталыұлы. 

Айнагүл Шакупова 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521