Аудан әкімінің орынбасары Жандос Бектеміров ұлы сазгер бабамыз Құрманғазыға ел көңілі толатындай дұрыс ескерткіш орнату қолға алынатынын қаперлепті.
Үлкен елдік іс болғалы тұр екен деп көңіл марқайттық. Даланың ұлы дарын иесіне қай жерден де, қандай ескерткіш орнатса да артық болмайтынын алаш баласы біледі. Бірақ мәселе қандай ескерткіш орнатылады, ол Құрманғазының арман-аңсарын, болмыс-бітімін, ішкі жан дүниесін аша алды ма дегенге саяды.
Батыс қазақстандықтар «біздікі» деп жатқан Хиуаз батырға да, домбыраның мойнына дүниежүзілік VI фестивальда алтын ілген Әзидоллаға да, Бейбарысты, Сырымды, Хан Жәңгірді, Мұстафа Шоқайды, Әміре Қашаубаевты, Махамбет пен Исатайды, тағы басқа біртуарлардың беймәлім қырларын анықтап, әлемдік сахналарға үлкен салтанатпен шығарып ел-жұрттың айызын қандырған қазақтың белгілі жазушы-драматургі Рахымжан Отарбаевты да ел еске алып жүретіндей есімін мәңгілікке қалдыру жағын билік болып, халық болып бірлесе ойластырғанымыз дұрыс.
Исабай Рысқалиев,
Орлы ауылы,
мемлекеттік қызмет ардагері.