«Ұлы дала сазы» атты суретшілер көрмесі өтті

(0 Votes)

Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында еліміздің батыс өңірі қылқалам шеберлерінің қатысуымен Қазақстан Республикасы көркем академиясының 15 жылдығына арналған «Ұлы дала сазы» атты суретшілер көрмесі өтті.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл көрме еліміздің әр өңірінде өтіп келеді. Ал, Батыс аймағы суретшілерінің басын Атырау облысында тоғыстыру кездейсоқтық емес.

– Бұл іс-шара Қазақстан Республикасы Көркем академиясының 15 жылдығымен қатар, оның бірінші президенті Лаура Оразбекованы еске алуға арналып отыр. Ал, батыс өңіріндегі көрмені Атырауда өткізуіміздің бір себебі біздің академия мүшелері осы өңірде көп шоғырланған. Атап айтар болсақ, жақында ғана Еңбек Ері атанған Илья Жақанов, «Гүлмаржан» сән үйінің директоры Гүлмаржан Махамбет, суретші Қамбарбек Аманов – осы академияның академиктері. Одан өзге академиямыздың корреспондент мүшелері де Атырауда аз емес. Ең басты көрме 20 қазан күні Астана қаласындағы Ұлттық музейде өтпек. Ел Президенті қатысады деп күтіліп отырған шараға академияның шетелдегі мүшелері, оның ішінде Аустрия, Канада, Венгрия, Түркия, Қырғызстан, Өзбекстан секілді елдерден белгілі суретшілер шақырылған, – дейді Көркем академияның академигі және вице-президенті Ермұхан Жүнісхан.

Шараның ашылу салтанатында сурет өнеріне еңбек сіңірген қылқалам шеберлері Бейбіт Меңдіғалиев, Еркін Бозжігітов, Қайыр Оразғалиев академияның 15 жылдығына арналған алтын медальмен марапатталды. Көрмеде Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Ақтөбе, Атырау облыстарынан келген суретшілердің 30- дан астам туындысы ұсынылды. Олардың дені – ұлт болмысын насихаттайтын тың дүниелер.

 

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

Соңғы жаңалықтар

Республика күні

25qazan-respublika

Фотогалерея

Сауалнама

Вакцинаға көзқарасыңыз қандай?

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logotype

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.


Яндекс.Метрика