Құрылысшылар ауылының 60 жылдығына арналған жыларалық футбол турнирі өтті

(0 Votes)

2026 жылдың 25 қаңтарында аудандық спорт кешенінде ПМК елді мекенінің жастарының ұйымдастыруымен Құрылысшылар ауылының құрылғанына 60 жыл толуына орай жыларалық футболдан турнир өткізілді.

Ауыл спортының дамуына серпін берген бұл жарысқа барлығы 9 команда қатысып, өзара тартысты ойын өрнегін көрсетті. Турнир жоғары деңгейде ұйымдастырылып, жанкүйерлерге әсерлі де қызықты сәттер сыйлады.

Жарыс қорытындысы бойынша:
І орын — 2007–2008 жылы туғандар командасы
ІІ орын — 2003–2005 жылы туғандар командасы
ІІІ орын — 1993–1995 жылы туғандар командасы иеленді.

Сонымен қатар, турнир барысында үздік ойыншылар арнайы номинациялармен марапатталды:
Үздік ойыншы — Елдосов Нұртас
Үздік шабуылшы — Адебиетов Еркінбек
Үздік қорғаушы — Талап Хаким
Үздік қақпашы — Саханов Шафхат
Үздік сұрмерген — Наурызғалиев Жақсылық

Сондай-ақ, республика көлемінде «Ең үздік жас ойыншы» атанған Жұмажанова Бота мен 2025 жылғы Жазғы футбол лигасының үздік жас ойыншысы атанған Мұрат Әлқадір ауыл тұрғындары атынан Алғыс хаттармен марапатталды.

Жалпы, турнир жоғары спорттық деңгейде өтіп, жастардың футболға деген қызығушылығын арттыруға және салауатты өмір салтын насихаттауға зор үлес қосты.

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT