Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен ауданның хоккейшілері Исатай ауданында өткен «Алтын шайба» облыстық ашық турниріне қатысып қайтты. Жарысқа Еркінқала, Индер, Мақат, Исатай, Махамбет және Құрманғазы аудандарының спортшылары қатысып, өзара бақ сынасты.
Тартысты өткен бәсекеде аудан хоккейшілері топтық кезеңнен бірінші орынмен шығып, жартылай финалда Исатай ауданының командасын 3:2 есебімен жеңді. Ал финалда Махамбет ауданының спортшыларынан басым түсіп, жарыстың бас жүлдесіне ие болды. Жарыс қорытындысы бойынша «Үздік қақпашы» номинациясымен жерлесіміз Тлекқабыл Шамашов марапатталды.
Оның алдында аталған турнирге дайындық ретінде аудандық мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен «Спорт – нашақорлыққа қарсы» ұранымен хоккейден жарыс өтті. Жарысқа Жұмекен, Жастар, Ардагер-1, Ардагер-2 командалары қатысып, өзара жүлделерді бөліскен болатын. Жарыс қорытындысында бөлім басшысы Алмас Қайыржанұлы жеңімпаздарды кубок, медальдармен марапаттап, қатысушыларға алғысын білдірді.
Айнагүл Шакупова



