Құрманғазыда «Miralem cup» турнирі өтуде

(0 Votes)

Аудандық дене шынықтыру кешенінде Құрманғазы ауданының 95 жылдығына орай Атырау қаласындағы «Миралем» футбол командасының ұйымдастыруымен «Miralem cup» турнирінің жалауы көтерілді.

Екі күнге созылатын доп додасына облыстық қысқы біріншіліктің соңғы жылдардағы чемпиондары «Локомотив» (Атырау), «Мақат» футзалшылары және «Доссор» (Мақат ауданы), облыс орталығынан «БНМ», «Миралем», ауданымыздан жазғы «Құрманғазы-2023» кубогының жеңімпаздары «Мон-бан», «Теңіз», «Красиловка» командалары қатысып бақтарын сынауда.

Аудан әкімдігінің қолдауымен өтіп жатқан турнирдің ашылу салтанатында аудандық мәслихат депутаты, жастар белсендісі Әнуарбек Сәбитов құттықтау тілегінде жастар арасында спорттың бұқаралылығын арттыруға демеу болып жүрген, аудан әкімдігіне, ел азаматтарына ризашылығын білдірді. Облыстық турнирдің ұйымдастырушысы «Миралем» футбол командасының жетекшісі Мейрам Шакупов те сөз алып, жарысқа қатысуға ниет білдірген командаларға сәттілік тіледі.

Айбек НӘЖІМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT