Атырау қаласында Көптоғай ауыл жастарының ұйымдастырумен "Көптоғай кубогі-2024" жыл аралық кіші аяқ добынан үлкен турнир өтті.
Турнирге Ардагер командасы мен 1984 -2006 жыл аралығында жалпы 16 команда қатысты.
Жарыста жүлделі І - орынды 1993 жылғылар
ІІ - орынды 1992 жылғыларға бұйырып
ІІІ - орынды 2000 жылғылар қанжығаларына байлады.
Жалпы турнирдің мақсаты ауыл жастарының ауыз біршілігін арттырып, салауатты өмір салтын ұстану болды. Ойын жоғары деңгейде өтті. Үздік командалар мен үздік ойыншылар анықталып марапатқа ие болды. Ашылу салтанатына ауыл үлкендері келіп жақсы лебіз тілектерін айтты.
Ашылу салтанатында марқұм ауыл азаматы Рахметоллаұлы Жасболатты 1 минут үнсіздікпен еске алды.
Барлық ұйымдастырушыларға, алтын уақыттарын бөліп қатысқан командаларға, жанкүйер болып жүрген ауыл азамат, азаматшаларына алғысымызды айтамыз. Осындай жарыстарымыз жалғасын таба берсін.
Еліміз аман жұртымыз тыныш болсын.
Спорт нұсқаушысы Р.Нухова