Командалар бақ сынады

(0 Votes)

Аудан орталығының жастары спортта өзіндік қолтаңбаларын қалдырған М.Әміровті, Н.Таңатаровты, А.Бектеміровті, А.Имақовты еске алуға арналған кіші аяқ добынан ашық турнир өткізілді. Турнирге 13 команда қатысып, бақтарын сынады.

Барлық ойыншылар да жақсы ойын өрнегін көрсетті. Жеңіске жетуге күш салды. Десек те, қаншама жігерлерін жанып, намысын қамшылағанымен жарыс болған соң, біреу озып, екіншісі кейін қалатыны заңдылық. Өзге командалардан үстем түскен РТС ауылдық командасы І орынды иеленді. ІІ орынға Жастар командасы шықты. Ал, ІІІ орын Жұмекен құрама командасына тиді. Сонымен қатар, жеке аталымдар бойынша Өнербек Нуфтиев «Үздік қақпашы», Асқарбек Ибратов «Үздік қорғаушы», Ануарбек Сабитов «Үздік ойыншы» деп танылды.

Соңында үздік командалар мен ойыншылар кубок, диплом, медальдармен марапатталды. Елбасымыз Жастар жылын жариялап жатырғанда ауыл жастарына осылай қолдау көрсетіп, аталған турнирді ұйымдастыруға мүмкіндік жасаған Құрманғазы аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Алмас Мұқашев пен балалар-жасөспірімдер мектебінің директоры Әдебиет Ердешовке алғысымызды білдіреміз.

Әділбек Атаев

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT