Колледжде дойбыдан турнир өтті

(0 Votes)

Спорттың қай түрі болмасын салауатты өмір салтын дамытуға қызмет етеді. Сондықтан мемлекетіміз бұқаралық спорт түрлерін де дамытуға мән беріп отыр. Жақында Құрманғазы аграрлы-техникалық колледжі директорының кубогі үшін колледж қызметкерлері арасында дойбыдан үлкен турнир өтті.

Турнирді колледж директоры Болатбек Өтегеновтің қолдауымен Ернар Қаражанов ұйымдастырды. Кәсіптік білім беру ұясындағы бұл сайысқа аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Мерей Әжігереев, аудандық мәслихат депутаты, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы аудандық филиалының директоры Әнуарбек Сабитов, аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы Нұртілек Батуов қатысты.

Дойбы баспен ойлап, есеп құратын, ақыл-ой шапшаңдығын дамыта түсетін ойын. Қатысушылардың бәрі де жеңіске жетуге күш салды. Бірақ, ойын барысы кім басым екенін көрсетті. Есенбек Ақдүйсеев алтынмен апталып, Бекзат Қадырғалиев күміспен күптелді. Колледж ардагері Ермекқали Бисенов пен Әсем Махамбетова қола медаль иеленді. Сайыс жеңімпаздарына жеңісті жолдарыңыз жалғаса берсін дейміз.

Айнагүл Күнұзаққызы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT