Кіші аяқ добы турнирі

(0 Votes)

Аудандық спорт кешенінде, округтің 1992 жылғы азаматтарының ұйымдастыруымен Еңбекші ауылдық округіне қарасты командалар арасында кіші аяқ добынан (футболдан) жарыс өткізілді.

1 айға жуық көлемде болған осы жарыста 6 команда (Даулеткерей, САД, 1990 жыл, 1992 жыл, 1993 жыл, 2000жыл құрама командалары) өнер көрсетті.

Аталған әрбір команда жарыс уақытында өз дәрежесінде өнер көрсете білді.

Жарыс қорытындысы бойынша:

I орын -1993 жылғы командаға,

II орын – Даулеткерей командасына,

III орын – САД командасына бұйырды.

Сонымен қатар арнайы номинациялар бойынша Шүкірбай Мерей (2000 жыл команда ойыншысы) – «Үздік ойыншы», Кабиев Шыңғысхан (1993 жыл команда ойыншысы) – «Үздік қақпашы», Насихан Аслан (САД команда ойыншысы) – «Үздік сұрмерген» атанды.

Ойын барысында әрбір турдың үздік ойыншылары анықталып,1993 жылғы азаматтардың бастамасымен «Үздік ойыншы» статуеткалары және дипломдар табысталды.

Кіші аяқ добынан өткізілген жарыста, барша демеушілік білдірген және қатысқан командаларға алғысымызды білдіреміз!

Еңбекші ауылдық округ әкімінің аппараты

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521