Хиуаз атындағы турнирде

(0 Votes)

Биыл қазақтың қанатты қызы, ұшқыш, штурман, Халық Қаһарманы даңқты жерлесіміз Хиуаз Доспанованың туғанына 100 жыл толады. Осыған орай, аудан әкімдігі спорттық, мәдени, танымдық шараларды ұйымдастыруды қолға алғалы отыр.

Алғаш болып аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі хоккейден Хиуаз атындағы аудандық турнирді ұйымдастырды. Оған Орлы, Шортанбай, Құрманғазы ауылдық округтерінің, «Ардагер-1», «Ардагер-2» командалары қатысып, бақтарын сынады. Турнир қорытындысымен алдына ешкімді шығармай, үлкейсе де қарымы қайтпаған «Ардагер-1» командасы жеңімпаз атанса, ІІ орын «Ардагер-2» командасына бұйырды. ІІІ орынды Шортанбай ауылдық округінің командасы қанағат тұтты. Жігер Батырғалиев «Үздік ойыншы», Аслан Мұқанәлиев «Үздік қақпашы» номинацияларымен марапатталды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге бөлім атынан кубок пен дипломдар табыс етілді.

khokkej-khiuazda

Айнагүл Күнұзаққызы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT