Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен Алматы қаласында тірек-қимыл аппараты зақымданған және көру қабілеті төмен сплортшылар арасында паралимпиадалық жеңіл атлетика спорт түрлерінен жастар арасында ел чемпионаты өтті.
Дүбірлі додаға ауданымыздан екі спортшысы қатысып, бақтарын сынады. Атап айтқанда, 100 және 200 метрге жүгіруден Төлегенов Нәжімеден және диск мен найза лақтырудан Қайыржанова Гүлбахыт бірінші орындарды жеңіп алды. Екі спортшымыз да Қазақстан Республикасының чемпиондары атанып, еліміздің «Халықаралық дәрежедегі спорт шебері» спорттық нормативін орындады.
Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі