Қазақстандық балуан әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

Фото: sports.kz
(0 Votes)

Грек-рим күресінен Әскери қызметшілер арасында өткен әлем чемпионатында қазақстандық балуан Аманғали Бекболатов жеңімпаз атанды. Kazinform бұл туралы Sports.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

 Ол әскери қызметшілер арасында грек-рим күресінен өткен әлем чемпионатының финалдық сайысында 55 кг дейінгі салмақ дәрежесінде «классиктер» арасында бірінші орын иеленді. Оның қарсылысы Иран өкілі болды. 

 Бекболатов – осы әлем чемпионатында алтын медаль алған үшінші қазақстандық.

Алдыңғы жылдары осындай нәтижеге грек-рим күресінен Бағлан Жақанша (2013, 60 кг) мен еркін күрестен Ғалымжан Өсербаев (2014, 74 кг) қол жеткізген болатын.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT