Қазақ күресіндегі жарқын жеңіс

(0 Votes)

Атырау облысында өткен дәстүрлі үлкен дода – «Қоғам қайраткері Мақаш Бекмұхамбетовтың туғанына 195 жыл, Қазақстанның халық жазушысы Әбу Сәрсенбаевтың туғанына 120 жыл толуына орай ұйымдастырылған қазақ күресі жарысы» жоғары деңгейде өтті.

 Бұл дүбірлі бәсекеге облыстың жеті ауданынан балуандар қатысып, қазақ күресінің мәртебесін асқақтатқан тартысты белдесулер ұсынды. Әр ауданнан келген палуандар елі мен жерінің намысын қорғап, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Сол сайыста Нұржау ауылының намысын қорғаған спортшы Айталиев Саламат өзінің қайсарлығы мен төзімділігін танытып, Түйе палуан бәсекесінде жүлделі III орынды иеленді.

Бұл жетістік – ауыл спортшыларының еңбегі мен табандылығының айқын дәлелі. Жергілікті жас палуандардың осындай жетістіктерге жетуі – ауылдағы спорттың дамып келе жатқанын көрсетеді. Нұржау ауылында өсіп келе жатқан спортшыларға бұл жеңіс үлкен мотивация, ал Саламаттың табысы – жастарға үлгі болары анық.

Айталиев Саламатты жеңісімен құттықтай отырып, алдағы уақытта да толайым табыстар мен биік белестерді бағындыруына тілектеспіз!

Ғайса Ринат

Нұржау ауылы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT