Қаржыгерлер арасында өткен турнир

(0 Votes)

Б.Бегәлиев атындағы жалпы орта мектепте 15 қараша Ұлттық валюта-теңгенің 30 жылдығына орай ауданның қаржы саласы қызметкерлерінің арасында волейболдан турнир ұйымдастырылды.

Оған «экономика және қаржы бөлімі», «білім», «мәдениет», «кірістер басқармасы», «бөлім есепшілері», округ есепшілерінен құралған «самғау», «сұңқар» сынды командалар қатысып, өзара мықтыны анықтады. Ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Амангелді Мұратов қатысып, қаржыгерлерді кәсіби мейраммен құттықтап, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Тартысты ойын нәтижесінде І орынды «білім бөлімі» командасы жеңіп алса, кірістер басқармасының қызметкерлері ІІ орыннан көрінді.

Ал, ІІІ орынды «Мәдениет» командасы иеленді. Баян Қуанышәлиева (кірістер басқармасы), Азамат Қабдолов (мәдениет) «Үздік үйлестіруші» коминациясымен ұлығыланса, Нұрлыбек Шакупов (кірістер басқармасы), Гауһар Бегеева (білім бөлімі) «Үздік ойыншы» номинациясымен марапатталды. Тек кәсіби деңгейін көрсетпей, спорттық қырларынан да танылған жеңімпаз, жүлдегер қаржыгерлерге медаль, кубоктар ұсынылса, барлық қатысушыларға естелік сыйлықтар табысталды.

- Дені сау адам кез-келген жұмыс жасай алады, физикалық жүкті көтере алады. Бүгін біздің қаржыгерлер бір мезетке болса да компьютер алдынан босап спорт залда ширығып қалды. Ол да болса кеңселік жұмысты бір күнге ұмытып, сергітуге септігін тигізеді, - дейді турнирге қатысушы есепші Ғалия Темірәлиева.

Айнагүл Күнұзаққызы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT