Қанжығада – қола жүлде

(0 Votes)

Ауданға танымал спортшы Серікбол Ғаббасов жетекшілік ететін Бөкейхан ауылдық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде бірнеше үйірме жұмыс жасайды. Білікті мамандармен қамтылған мектепте ауыл балаларымен қатар іргелес елді мекендерден де жеткіншектер келіп жаттығып, шеберліктерін шыңдайды. 

Атап өтер болсақ, жекпе-жектің кикбоксинг түрінен ашылған үйірмеде Кудряшов ауылдық округіне қарасты Ғ.Мүсірепов атындағы мектептің оқушылары жақсы нәтижелерімен көзге көрініп жүр. Жақында Тараз шаһарында қала күні мерекесіне орай жасөспірімдер арасында кикбоксингтен өткен республикалық турнирде де тамаша өнер көрсетіп қайтты. 2011-2012 жылғы туғандар арасында Нұрсұлтан Мәдібек (57 келі), Мансур Болат (39 келі) және 2013-2014 жылғылардан Алексей Горбачев (+51 келі), Жандос Жұмажанов (+51 келі) жарыстың қола жүлделерін қанжығаларына байлады. Жас кикбоксшыларды Бөкейхан ауылдық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы Нұрлыбек Сәрсенғалиев дайындап барды.
Айбек Ануарұлы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT