Құрманғазылық жас волейболшылар жеңімпаз атанды

(0 Votes)

Атырау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы мен Атырау облысы Волейбол федерациясының ұйымдастыруымен облыс орталығында Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген жаттықтырушы Өтеғалиев Марат Өтеғалиұлын еске алуға арналған волейболдан жасөспірім ұлдар арасындағы республикалық турнир өтті.

Мақсаты – волейбол ойынын дамытып, жетілдіру, жас спортшылардың шеберліктерін шыңдау, олардың арасындағы өзара достық қатынасты нығайту, жазғы чемпионатқа қатысатын команда құрамына жасөспірімдерді іріктеу. 2008-2009 жылы туылған ұлдар арасында өткен бұл турнирге Ақтөбе, Маңғыстау, Орал, Қызылорда, Атырау, Тараз қалаларынан және Атырау облысының аудандарынан 19 команда қатысып, бақтарын сынады. Мұндай үлкен жарысқа барлық командалар да жақсы дайындықпен келетіні анық. Жеңіс үшін тартыста жас спортшылар жігерлерін жанып, шеберліктерін көрсетіп бағады.

Осы жарыста Құрманғазы ауданы командасының айы оңынан туып, 19 команда арасында жеңімпаз атанды. Ауданымыздың жас спортшыларының абыройы асқақтап, мерейлері үстем болды.

Оларды турнирге дайындап апарған команда жетекшісі Әлімғазы Өтеуішов. Ептілік пен жылдамдықты талап ететін ойында жұлдыздары жарқыраған жас волейболшыларымызға жеңісті жолдарыңыз жалғаса берсін деген тілектеміз.

Айнагүл Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.

 

Әлеуметтік желілеріміз

  ZERO.kz Яндекс.Метрика