Қазақстан кубогы: «Атырау» ширек финалға шықты

(0 Votes)

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Атырау» футболдан Қазақстан кубогы ширек финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған турнирдің тағы бір кездесуінде «Атырау» мен «Ақтөбе» шеберлік байқасты. Екі команда арасындағы алғашқы ойында 2:2 есебі тіркелген еді. Бүгінгі ойында ойынның негізгі кезеңінде есеп ашылған жоқ.

Ойын овертаймға ұласты. Овертаймда жеңімпаз анықталмады. Ал пенальти сериясында 9:8 есебімен «Атырау» жеңіске жетіп, ширек финалға үшінші жолдамаға қол жеткізді.

Еске салсақ, бұдан бұрын «Шахтер» мен «Қызылжар» ширек финалға жолдама алды. Дәл қазір «Ордабасы» мен «Мақтарал» кездесуінің бірінші кезеңі аяқталды. Әзірге 1:0 есебімен Түркістан облысының командасы алда келеді.

Ал 30 сәуірде «Ақсу» мен «Тобыл», «Тұран» мен «Каспий», «Ақжайық» пен «Қайрат», «Қайсар» мен «Астана» жасыл алаңға шығады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.

 

Әлеуметтік желілеріміз

  ZERO.kz Яндекс.Метрика