Грэпплингтен турнир өтті

(0 Votes)

Құрманғазы ауданның 95 жылдығына орай Ақкөл ауылдық спорт кешенінде «Спорт – нашақорлыққа қарсы» ұранымен жекпе-жек күресінің грэпплинг түрінен облыстық ашық турнир өтті.

Оның ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Нұрлыбек Қалиев қатысып, жарысқа келген спортшыларға сәттілік тіледі.

Аталмыш жарысқа Батыс Қазақстан облысының, Атырау қаласына қарасты Дамбы, Ақжар ауылындағы балалар жасөспірімдер спорт мектебінің, қалалық «Қазақстан Топ–Тим», «Мерген», «Беркут» спорт клубтарының және өзіміздің Ақкөл балалар жасөспірімдер спорт мектебінің 100-ден аса жас грэпплингшілері қатысты.

Тартысты өткен турнирдің қорытындысымен ақкөлдік жаужүрек ұландар Дастан Ерсайынов, Бекарыс Жеткіншекұлы, Әли Бекжанұлы, Орынхан Кәрімов, Жанарыс Нәбидуллин, Ерхан Бергенәліұлы, Нұрдәулет Мұхамбеткәрім өз салмақ дәрежелерінде намысты қолдан бермей бірінші орынды жеңіп алды.

Айбек ӘНУАРҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT