Геннадий Головкин он жылдықтың үздік боксшысы атанды

(0 Votes)

Кәсіпқой бокстағы Қазақстанның мақтанышы, орта салмақтағы IBF және IBO белдігінің иегері Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) The Sweet Science басылымының нұсқасы бойынша кейінгі 10 жылдықтағы өз салмағының теңдессіз боксшысы атанды.

Басылым авторының пікірінше, Головкин мексикалық Сауль «Канело» Альварестен (53-1-2, 36 КО) жеңілсе де, отандасымыз рейтингте бірінші орынға лайық деп танылған. Ал «Канело» екінші орынға жайғасқан.

2010-2019 жыл аралағында қазақстандық боксшы кәсіпқой бокс шаршы алаңында 25 жекпе-жек өткізіп, оның 23-інде жеңіске жеткені баршаға мәлім. Бір кездесуі тең есеппен аяқталса, біреуінде жеңіліске ұшыраған болатын.

«Альварес Головкинді екінші жекпе-жекте жеңгенімен, кездесу тең дәрежеде өтті деп есептеймін. Жеңісті қазақстандық боксшыға да беруге болар еді. Бірақ бұл ең бастысы емес. Тіпті «Канело» Головкинді нокаутқа жіберген күннің өзінде де GGG бәрібір рейтингте бірінші тұратын еді. Өйткені, мұның бірнеше себебі бар. Головкин 10 жылдың ішінде тек орта салмақта жұдырықтасып келсе, «Канело» бұл салмақта көп өнер көрсете қойған жоқ. Сонымен қатар Головкин 2012-2017 аралығында өз салмағындағы ТОП-10 боксшының алтауын нокаутқа жібергенін ұмытпағанымыз жөн», деп жазады аталған басылым.

The Sweet Science басылымы ұсынған орта салмақтағы үздік он боксшының тізімі төмендегідей:

1.Геннадий Головкин

2.Сауль Альварес

3.Серхио Мартинес

4.Дэниэл Джейкобс

5.Дэниэл Гил

6.Мигель Котто

7.Билли Джо Сондерс

8.Феликс Штурм

9.Питер Куиллин

10.Дмитрий Пирог

egemen.kz

COVID 19

covid

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян жаңалығы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21