Футзалдан аудандық біріншілік өтті

(0 Votes)

"Кеңес әскерлерінің Ауған елінен шығарылғанына 31 жыл толуына орай мекемелер арасында футзалдан аудандық біріншілігі өтті.

Жарысқа Аудан әкімдігі, Өрт сөндіру бөлімі, Аудандық аурухана, Атырау - Жарық бөлімі, Аудандық ішкі істер бөлімі, "Ганюшкин" шекара бақылау бөлімшесі, БЖСМ, Аудандық білім бөлімі командалардан 100 жуық спортшы қатысты.

Жарыс қорытындысында:

І орын - №7 өрт сөндіру бөлімшесінің командасы.

ІІ орын - Аудандық білім бөлімінің командасы.

ІІІ орын - "Атырау-Жарық" командасы.

Жеңіске деген жігері үшін - БЖСМ-нің командасы.

"Үздік ойыншы" - Манатов Даулет (№7 өрт сөндіру бөлімшесі).

"Үздік қақпашы" Шамашев Тілекқабыл (Аудандық білім бөлімі).

Жеңімпаздар мен жүлдегелерге бөлім атынан Кубок, диплом және медальдармен марапатталды.

Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

AQPARATPRINT