Аудандық спорт кешенінде "Спорт - нашақорлыққа қарсы" атты ұранымен жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында дойбыдан облыстық біріншілікке іріктеу жарысы өтті.
Оған оқушылар үйі, Манаев, Әуезов, Ломоносов, Абай, Бегалиев, Имашев, Иманов орта мектептері және З.Серікқалиұлы атындағы мектеп-интернатынан барлығы 80 оқушы қатысты.
Нәтижесінде 2011 жылдан төмен ұлдар, қыздар арасында І орынды Нұрдәулет Қабдулла, Айару Әлімбетқызы (Абай) иеленсе, ІІ орын Дәулет Тұңғатарұлы (Имашев), Іңкәр Талғатоваға (Оқушылар үйі) бұйырды. ІІІ орынды Нұртілек Ғарипов, Азиза Меңдіғалиева (Бегәлиев) қанағат тұтты. 2009-2010 жылғы ұлдар, қыздар арасында Дәулет Ғимыранов (Әуезов), Балауса Сембаева (Манаев) жеңімпаз атанса, Марат Ғалымжанов (Бегәлиев), Ақбөбек Қасымбекқызы (Имашев), Атқанбек Оллабергенов (Ломоносов), Мәдина Қуанышова (Бегәлиев) ІІ, ІІІ орындардан көрінді.
2006-2008 жылғы ұлдар, қыздар арасында І орынды Нұрбақыт Тұралбекұлы (Иманов), Әсемай Бақытжанова (Оқушылар үйі) жеңіп алса, Нұрмарас Ғарипов (Бегәлиев), Зайна Нұржанова (Абай), Ақан Қуанышов (Абай), Гүлзат Мұхтар (Манаев) ІІ, ІІІ орындарды өзара бөлісті. 2003-2005 жылғы ұлдар, қыздар арасында І орынды Асанжан Шарапов, Диана Набидуллаева (Абай) қанжығасына байласа, ІІ, ІІІ орындарды Аят Қадырбай (Иманов), Әйгерім Ақмурзина, Бекзат Екпінов (Имашев), Жұлдызай Болатбекқызы (Манаев) иеленді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге дипломдар мен естелік сыйлықтар табысталды.
Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі