2022 жылдың 11 - 13 ақпан аралығында Атырау қаласында дойбыдан жасөспірімдер арасында облыстық жекелей біріншілік өтті. Осы жарысқа ауданнан 7 спортшы қатысты.
Жарыс қортындысында:
2014 жылы туған ұлдар арасында: ІІІ орын – Елеусін Ерасыл (Бегалиев орта мектебінің оқушысы)
2012-2013 жылы туған қыздар арасында: ІІ орын–Бекежанқызы Жанбота (Еңбекші орта мектебінің оқушысы), ұлдар арасында: ІІ орын –Тулегенов Ердәулет(Бегалиев орта мектебінің оқушысы)
2009-2011 жылы туған қыздар арасында: ІІ орын –Сисенгалиева Әсем(Абай орта мектебінің оқушысы), ұлдар арасында: ІІІ орын –Қабдолла Нұрдәулет(Абай орта мектебінің оқушысы)
2006-2008 жылы туған ұлдар арасында: ІІІ орын –Еркінов Ануар(Имашев орта мектебінің оқушысы), қыздар арасында: «Жеңіске деген жігері үшін» номенациясымен Максутова Аружан (Ломоносоав орта мектебінің оқушысы) иеленді.
Спортшыларды жарысқа дайындаған Бегалиев орта мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Бекжан Қабиев.
Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі